23.04.2021, 17:38
Қараулар: 52
Конференция делегаттары сайланды

Конференция делегаттары сайланды

   Бүгін 23 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының «Орталық», «Привокзальная», «Шилі» бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналысы онлайн форматында өтті. «Орталық» БПҰ-ның жиналысына облыстық саяси кеңес мүшесі М.Байжанов қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
2. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 2019-2020 жылдарда атқарылған бастауыш партия ұйымдары төрағаларының есептері тыңдалып, аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.