3.06.2021, 18:10
Қараулар: 161
Күміс алқамен марапатталды

Күміс алқамен марапатталды

 

Бүгін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 568 жарлығы бойынша көп балалы ана Жәудір Әділбаеваны «Күміс алқамен» марапаттады.

Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосып жүрген көп балалы отбасылардың қоғамдағы ролі қашан да ерекше. Сондықтан оларға қандай құрмет көрсетсе де лайық. Осы орайда аудан әкімі Әлия Биғазықызы отбасында 4 қыз, екі ұл тәрбиелеп  отырған Жәудір Берістемқызына «Күміс алқа» тағып,  жылы лебізін білдірді.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы