12.07.2021, 14:50
Қараулар: 29
Кәмелетке толмағандар бақылаусыз қалмайды

Кәмелетке толмағандар бақылаусыз қалмайды

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат құқықтық саясаттың бiр бөлiгi болып табылады. Кәмелетке толмағандар  арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын-алу шараларына байланысты Ақбұлақ ауылдық округінде жұмыс жоспары жасалып, атқарылуда. Негізгі мақсат кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында мемлекет құрылымы және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Жалпы Тасмола жалпы білім беретін орта мектебі бойынша оқушыларға құқықтық тәрбие жайында түсіндіріліп, баяндамалар оқылып, таныстырылып келеді. Көптеген нақтыланған мәліметтерді, ақпарат құралдарында жария болған фактілерді келтіре отырып ауыл учаскелік полициясы ата-аналарды бала тәрбиесіне мән беруге шақырып отырады. Мектептегі айлық аясында жасөспірім балаларға түрлі тақырыптарда іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауылдық округтің кітапханасында онлайн форматта “Жасөспірім және заң “тақырыбында кітап көрмесі, дөңгелек стол өткізілді.

Ақбұлақ ауылдық округі учаскелік полициясы өткізген көше кезекшілігі барысында сауда дүкендерінде күндізгі және кешкі уақыттарда аралап, жасөспірім балаларға темекі, спирттік ішімдік зиянды заттарды сатуға болмайтыны ескертілді.

Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыруға әкелетінін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

 

С.БАЙТЕНОВА,

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі