23.08.2021, 12:26
Қараулар: 97
Мақсарыға орақ түсті

Мақсарыға орақ түсті

Бүгінде ауыл шаруашылық науқанының қызған кезі. Дала төсінде жиын-терім жұмысы басталып, диқандарда мігір жоқ. Еңбек адамының  қашанда жұмысы қауырт, уақыттары тығыз болатыны белгілі ғой. Осындай  суреттемені  Ащысай ауылдық округіне қарасты дала төсінде еңбектенуші  «Жаңа жер» шаруашылығына қатысты айта аламыз.

Егін шаруашылығында  жылдар бойы абыроймен еңбек етіп, ауданымыздың, тіпті облысымыздың экономикасына елеулі үлес қосып келген «жаңа жерліктердің» бұл салада жеткен жетістіктері айтарлықтай. Бұған дейін де, 30 жыл бұрын қол жеткізген рекордттарды тағы  қайталағап отырған егіншілердің еңбектері ауылдастарымызға аян. Жерін сүйген, еліне қызмет қылған азаматтар өздерін осы салада таныта білді.

— Міне, тағы да 37 гектар танаптан мақсары орып, дала кемесі – «Джон-Дир»  жүр.  «Биылғы егілген мақсарының шығымдылығы 8,5 центнерден. Бұл жаман көрсеткіш емес. Мақсары еккен егін көлемі көп болмағандықтан бір комбайн бір-екі күнде орып шығады. Комбайн рөлінде үздік әрі тәжірибелі комбайнер Аслан Бакисов отыр. Бұдан басқа да біздің шаруашылықта қара бидай, күздік бидай  және күнбағыс  егілген. Барлығы да жоспарға сай, рет-ретімен жиылып-орылып, қамбаға құйылуда. Ал зауыттарға өткізетіндерін тікелей тапсырыспен апарып отырмыз»,- дейді осы шаруашылықтың агрономы да, бригадирі де Ерболат Сұлтанғазиев.

А.МУСА,

Шыңғырлау ауданы