18.06.2021, 19:06
Қараулар: 31
Медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері марапатталды

Атақты неміс философы Артур Шопенгауэр «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деп айтып кеткен екен. Халық арасында да «Басты байлық — денсаулық» деп айтып жататыны бекерден бекер емес. Сәл сырқаттана қалсақ, басымыз сынып, жанымызды қоярға жер таппаған сәтте барып көмек сұрайтын жалғыз мекеме – аурухана. Осындайда тәннің де, жанның да ауруына дауа іздеп, көмек қолын созуға әзір тұратын ақ халатты абзал жандардың еңбегін атап өтпеске болмайды.

Осы орайда аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай өткен шарада аудан әкімі Әлия Биғазықызы барша жиналған қауымды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, жұмыстарында табыс, қажымас қайрат тіледі.

Еңбегімен еленген, қызметімен көзге түскен мамандар  аудан әкімінің,  аудандық аурухана директоры және кәсіподақ комитетінің атынан Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.Шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.Өз кезегімізде барша медицина қыметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, жақсылықтар жалғаса берсін деген ізгі тілегімізді жеткіземіз!

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы