5.01.2021, 18:20
Қараулар: 352
Мекемедегі маңызды тұжырым

Мекемедегі маңызды тұжырым

Ауылымыздың тазалығы, көшелерінің көрікті, санитарлықт талапқа сай болуына бірден-бір үлес қосып келе жатқан ұжым аудан орталығында орналасқан «Шыңғырлаукомтехсервис» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Бұл ұжым қыстың күні қырауда, боран-шашында ауылішілік қана емес, ауылдармен арадағы қатынастың үзілмеуін де бақылауда ұстайды, тұрғындарды таза сумен жабдықтауда үзіліс болмауын қадағалайды.
Жыл он екі ай жұмысы бір тынбайтын, маусымның әр мезгілінде қарбалас тірліктен көз ашпайтын ұйымшыл ұжыммен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатымен облыстық мәслихатқа кандидат М.Байжановтың сенімді өкілі М.Бекжанов, аудандық мәслихатқа кандидат О.Кушовтың сенімді өкілі Г.Тулеушова, аудандық мәслихатқа кандидаттар Г.Волкогон, Қ. Жазықбаев, А. Камзаева, С. Бәйтенова кездесті. Кәсіпорындағы жұмыс істеушілердің барлығы да алдағы өткелі тұрған сайлаудан толық хабардар, алдағы бес жылдыққа арналған іс-шаралармен де таныс. Дей тұрғанмен де дамудың жеті бағытын: Экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік бағыты айқын, жастарға арналған аудан ретінде тарих пен мәдениетті дамыта отырып, ашық және есеп беретін жергілікті органдарының жұмысы ширайтын қауіпсіз аудан болмағы кеңінен әңгімеленді.
Кандидаттармен кездескен мекеме қызметкерлері атынан Е. Имбитская алдымен ашық әңгіме үшін алғысын білдіре отырып еліміздің қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне кепілдік беретін бірден бір партияға ешбір үгіт-насихатсыз дауыс береміз деген өз тұжырымын жасады.