28.05.2021, 17:29
Қараулар: 63
Мектеп ауласында алма ағашы өспек

Мектеп ауласында алма ағашы өспек

Жақында Ардақ ауылдық округінің тұрғындары Светлана Коннова мен Асхат Жұрманов мектеп ауласына 35 түп алма-алмұрт көшетін отырғызып, ұстаздар мен оқушыларды қуантты. Бой түзеген алма ағаштары 4-5 жылда жемісін берсе деген үміттерін үкілей келген демеушілердің  игі істері талайға үлгі болары сөзсіз.

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен оздырылған «Менің аулам-менің бағым»  атты жақсы бастамаға ардақтықтар да атсалысып, өз аулаларына тал-теректер отырғызылды. Күз айында жеміс ағаштарын екпекпіз. Сөйтіп, мектеп учаскесін үлкен бау-бақшаға айналдыру жоспарымызда бар. Жазғы демалыс кезінде оқушыларды еңбекке баулуға да сеп болмақ»,-дейді ауыл әкімі Саида Жұмайқызы.

                                                                                                                 А.МУСА,

Шыңғырлау ауданы