23.06.2021, 15:34
Қараулар: 27
Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Қандай қызмет болмасын әр салада отбасында көрген тәрбие мен тәлім маңызды рөл ойнайды. Осы орайда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қызметіне адал, елі үшін аянбай қызмет етуге дайын жанашыр азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп, өсірген мемлекеттік қызметкерлердің ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, аудан әкімінің алғыс хатымен ауданға көп уақыт қызмет етіп, мемлекеттік қызметке талай жылын арнаған жандар марпатталды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне өз үлестерін қосып, ұзақ жылдар бойы еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнаған, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлік демалысқа шыққан Бақытжан Сапарұлы, Мұрат Тұрабайұлы, Кеңес Ізбасарұлы, Валентина Петровналарға алғыс хат табысталды.
Әр жыл сайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер ант қабылдайды. Бүгінгі шарада да мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер, атап айтсақ аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Марал Әленова мен Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ринат Асанов салатанатты түрде ант қабылдады.
Сәні мен салтанаты келіскен шараның соңында шағын концерт қойылды.
Айбарша Лекерова,
Шыңғырлау ауданы