28.06.2021, 19:06
Қараулар: 152
Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

 Бүгін 28 маусым күні – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудандық қоғамдық-саяси «Серпін» газетінің ұжымын төл мерекелерімен құттықтады. Ең алдымен газеттің директор-редакторы А.Садыкова ұжым қызметкерлері туралы жеке ақпарат беріп, «Серпіннің» бүгінгі тынысы жөнінде баяндады. Әлия Биғазықызы да бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны, соның ішінде жергілікті басылымның атқарар рөліне кеңінен тоқталып, «Серпін» газетінің тілшісі Екатерина Кива мен көлік жүргізушісі Н.Алталиевқа алғыс хат табыс етті.

Әдемі кездесу аудандық мәдениет ұйымының көркем өнерпаздары дайындаған тамаша концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы