19.03.2021, 18:23
Қараулар: 156
Наурызбен құттықтады

Наурызбен құттықтады

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз — бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.

Осы ұлық мереке қарсаңында “Nur Otan”партиясы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова “Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында аудан орталығындағы қазыналы қарттарды наурыз мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында ардагерлеріміз еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар партияның бүгінгі таңдағы атқарып отырған жұмыстарына, аудандық партия филиалына өз ризашылықтарын білдірді.

Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы