19.03.2021, 18:27
Қараулар: 147
Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні

Төрге озғалы отырған Наурыз мерекесі қарсаңында Амангелді негізгі мектебінде «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты апталық өтті. 14 наурыз — Көрісу күнінен басталған іс-шаралар легі ұлттық құндылықтарға негізделіп, қазақы салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналды.  Соның ішінде ерекше әсер қалдырған «Наурыздан дәм» акциясы болды.  «Өлең, тақпақ немесе бата айтып тәтті ал!» деп аталған шарада мектеп оқушылары түрлі тақырыпта тақырыптарды жатқа айтып, тілді үйіретін тәтті құртты сыйлыққа алып жатты.  «Бұл шараның мақсаты- оқушы бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, халқымыздың бай ас мәзірін мансұқ ету, халқымыздың ежелден тойымды тағамының бірі болып табылатын құрттың қадірін білуге жетісу еді» дейді ұйымдастырушылар. Осындай тақырыптағы шара «Ақ құрт» атауымен Алмаз орта мектебінде де өткізілді.

                                                                              Н.АЙҚЫН,

Шыңғырлау ауданы