30.12.2020, 18:27
Қараулар: 481
Отандық өнімдер сұраныста

Отандық өнімдер сұраныста

Бүгінде елімізде отандық  өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Халық қалаған өнімнің сапасын арттыру- бүкіл әлемге танылатын «Қазақстан­да жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде табиғи азық-түлік брендін қалыптастыру жұмыстары жолға қойылып отыр. Ал халық тұтынатын қазақ­стандық тауарларға сұраныстың жоғарылауы кәсіпкерлерді  осы салаға қаржы салуға ынталандырады. Еліміздегі ешқандай химиялық қоспасы жоқ өнімді жеткізуде отандық кәсіпкерлер барлық мүмкіндікті пайдалана алуы керек деген бағыт-бағдар «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасында да ескеріліп отыр. Осы бағыттағы жұмыстардың барысы, алдағы сайлауға қатысты пікір алмасу мақсатымен аудан орталығындағы «Патриот», «Теща» супермаркетінде «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында кездесу өтті. Аудандық  «Nur Otan”  партиясының үгіт-насихат тобының белсенділері жеке кәсіпкерлер Р. Камзаев және Л. Жумалиева басқарып отырған ұжыммен кездесіп, еліміздегі жетекші партияның кәсіпкерлерді қолдайтын түрлі бағдарламалар барлығын алға тартты.
Тауар сапасының сынға ілікпеуі мен сәйкесінше, бағасының да көңілге қонымды болуын үнемі қадағалауда ұстаймыз дейді бизнес өкілдері. Кәсіпкерлерге беріліп отырған мүмкіндіктер партияның ішкі нарықты дамытуға деген дұрыс көзқарасы деп білетіндіктерін айтқан супермаркет қызметкерлері сайлауға ұжым болып қатысатындарын мәлімдеді.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы