25.03.2021, 18:20
Қараулар: 115
Ризашылығын білдірді

Ризашылығын білдірді

Наурыз -көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын бұл мейрам елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Осы жарқын мереке қарсаңында “Ардагерлерді ардақтайық “партиялық жобасы аясында тыл ардагері 96 жастағы Хиуа Қуанаеваны аудандық мәслихат депутаттары Светлана Байтенова мен Орынбасар Кушев құттықтай барып, наурыз-қоржын табыс етіп қайтты.

7 баланы өмірге әкеліп, өсірген әз әже бұл күнде  балаларының ыстық ықыласына, қамқорлығына бөленіп отыр. Өзі де кезінде енесінің көзі жұмылғанша кіршіксіз киім кигізіп, бар дәмдісін аузына тосып қызмет еткен екен. Отбасында ерін құрметтеп, енесінің де, елдің де ақ батасын алған Хиуа әже бүгінде таңымыз бейбіт атып, ұрпағымыз аман болса екен деген тілегін жеткізіп, батасын берді.

                                                                      Н.АЙҚЫН,

Шыңғырлау ауданы