22.12.2020, 17:54
Қараулар: 552
Сенімді өкілдер мен штаб мүшелері Ардақ ауылында

Сенімді өкілдер мен штаб мүшелері Ардақ ауылында

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мәслихаттарға депутаттыққа кандидат ретінде түсіп отырғандардың сенімді өкілдері мен аудандық штаб мүшелері Ардақ ауылдық округіндегі бастауыш партия ұйымында кездесу өткізді. Еркін нышанда, ашық райда өткен жиын барысында бүгінгі таңдағы еліміздегі басты оқиға ретінде саналатын шараның саяси маңызының тьереңдігі, ел тұтастығы мен бірлігі жолында жаңа көкжиектерге жол ашатын сайлаудың ерекшелігі туралы айтылды. Ардақ ауылдық округіндегі бүгінгі таңда жүзеге асырылған жұмыстар сараланып, қайсыбір тұстарда бағыт-бағдар берілді. Ауылдағы ең алғашқы сайлауға қатысқалы отырған жастар мен ең жасы үлген ауыл тұрғынын анықтап, оларға үлкен сенім арту қажеттігі де назардан тыс қалмады.
Бүгінгі таңда сайлау өткізілетін орында сай, үгіт-насихат көрнекілігі де тиісті жерлерден орын тепкен, ауыл жұртшылығы сайлау туралы толық мағлұматтар алды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныс екендіктерін айтып сәттілік тіледі.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы