27.01.2021, 17:50
Қараулар: 255
Су тасқынының алды алынуда

Су тасқынының алды алынуда

Жалпы, ауданда қауіп төндіретін 2 өзен бар-Елек және Утва өзендері.
Өзендерде мұздың қалыңдығы  қазіргі уақытта 30-40 см аралығында.

«Қазгидромет» филиалы мемлекеттік ұйымының болжамына сәйкес аймақта қардың биіктігі орташа есеппен 18 см, ал топырақтың қатуы 60 см құрайды.

Су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауданда кешенді шаралар жүргізілуде.

Қайынды және де Ақтау ауылдарының маңайларындағы су айдындары тексеріліп өтті, қауіп деңгейі төмен.

Шыңғырлау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Шыңғырлау ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп су басатын көшелер мен аулалардың тұрғындарына ескерту үнпарақтарын тарату жұмыстарын ұйымдастырып,  жүргізуде.

Су басу қауіпі төнген жағдайда аудан тұрғындарынан тәуліктік кезекшіге 33-741 немесе 101 телефонына хабар беріп отырулары сұралады.

                                                                      Шыңғырлау ауданы ТЖБ