9.12.2020, 12:23
Қараулар: 257
Табыстың көзін тапқан Динара

Табыстың көзін тапқан Динара

Ауылда тұрып-ақ,  кәсібін ашып, кіріс көзін таба білген  көп балалы ана Динара Черниязова  бала күтімімен отырса да тек жолдасының тапқан нәпақасына қарап отырмау мақсатында үйде «Алмир» жеке кәсіпкерлігін ашып, түрлі фото суреттерді шығару, ескі суреттерді жаңарту, құжаттарға фото түсіру секілді қызметтерді жүзеге асырады. Тиісті құрал-жабдықтарды сатып алған Динара үнемі ауылдастарының сұраныстарын жоғары сапада жүзеге асыруға тырысады.

«Бала кезімдегі арманым – фотограф болу болатын. Бүгінде арманым орындалмағанымен арманыма жақын болғаныма қуаныштымын. Тиыннан тиын құралып, күнделікті табыс келіп отырады. Үйде отырған соң мектеп жасындағы балаларға көңіл бөліп, сабақ үлгерімін қарап отырамын», — дейді 4 баланың анасы Динара Нұрланқызы.  Тиыннан теңге құраған жас кәсіпкердің берекелі ісі өрге баса берсін демекпіз.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы