1.12.2021, 8:41
Қараулар: 70
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын

Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде сарабдал саясатының арқасында Елбасы елімізді қиындықтан сүріндірмей алып шыққанын айта келе, Тұңғыш Президенттің әлемдік аренадағы беделінің зор екеніне де тоқталды. Сондықтан ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, күллі әлемді бейбіт жолға шақырған Елбасы алдымызға дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін қойғанын да баса айтты.
Салтанатты жиында өз еңбектерінің озаты болып, жылдар бойы ауданымыздың өрлеуі мен өсуіне үлестерін қосқан тыл және еңбек ардагерлері –Л.Мисикова, В.Лукьянов пен Ж.Тұяқоваға аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілсе, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет еткен М.Бекжанов, Қ.Абдрахманов, К.Таңатов, Қ.Мусин, Х.Тоқтығалиева, Ө.Таев секілді бірқатар азаматтар мен азаматшалар да аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапаттау рәсімі «Нұр Отан» партиясы қатарына жаңадан қосылған адамдарға партиялық билеттер табыстауға ұласып, одан мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандардың ант беруімен жалғасты.

Елбасы болашағын бүгіннен ойлаған кемеңгер саясаткер. Осы орайда Н.Назарбаевтың күні-кеше жариялаған Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттары барша қазақстандықтарға терең ой салары хақ. Осы бағытта жиында сөз алған Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз А.Шотпанов қағидаға кеңінен тоқталып, Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін атап өтті.

Жиын соңы Тұңғыш Президент күніне арналған аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы