4.12.2020, 16:16
Қараулар: 262
«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Азаматтармен тығыз сенімді қарым – қатынас орнату, сондай ақ әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша аудандарда ағымдағы жылдың қыркүйек айының 7-нен желтоқсан айының 1-не дейін аудан аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында Ақбұлақ ауылыдық округі бойынша 130 аула, 2 шаруа қожалықтар және оларда жұмыс жасайтын 55 адам, 6 азаматтық қару иесі, профилактикалық есепте тұрған 6 адам, тексеріліп, барлығы 45адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы бойынша (Қазақстан Республикасында тiркеусiз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру ) 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабы бойынша (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы бойынша (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР Қк 188 Бабы 1 қылмыс тіркеліп,ашылды және де іс-шара барысында ауыл тұрғындарына учаскелік полиция инспекторының визит карточкасы таратылды.
Ч.Зулкашев,Шыңғырлау АПб ЖПҚб УПИ полиция капитаны

Комментарии