20.05.2021, 15:19
Қараулар: 60
Шыңғырлауда «АShQ» жұмыс істейді

Шыңғырлауда «АShQ» жұмыс істейді

Әлемді шарпыған пандемия адамдарды үйге қамап, жүріп-тұруына көп кедергі келтіргені белгілі. Ауырғанның, ауырмағанның да тыныс-тіршілігіне тигізген зияны қаншама? Сансыз шектеулер, әсіресе кәсіпкерлік саласын тұралатып, соның ішінде көпшілік баратын кафе-ресторан, тойхана, дәмханалардың есіктері ұзаққа жабылды.  Талапқа көнбегендер, айыппұл арқалап, одан әрі шығынға батты. Әйтсе де, тығырықтан шығар жол қашанда табылар. Бұған сақтық шараларына мұқияттылық, сонымен қатар, аурудың алдын алу, оны тоқтату мақсатында екпе салдыру болды. Сондай-ақ елімізде қолданыла бастаған «Ашық» бағдарламасы бойынша  мобильді қосымшаны жүктеп, жұмыс істеуге болады екен. Соншалықты шығын талап етпейтін қосымша жүктеу арқылы жұмыстарын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алғандардың бірі ауданымыздағы екі кәсіпкерлік нысандары. Бұл «Аслан» кафесі және «Азия» тойханасы.

Әшейінде де халық көп келетін екі нысанның да бүгінде жұмыстары қалыпты. Келушілердің дені вакцина салдырғандар, немесе аурудан ада, дені сау азаматтар. «Ашық» бағдарламасымен жұмыс жасау, өте қолайлы, ыңғайлы, әрі ауруды таратпаудың , жұқтырмаудың бірден-бір амалы. Күн сайынғы келім-кетімді адамдардың денсаулықтарына, әрине, біз де жауаптымыз, сол үшін де осы мобилдік қосымшаны жүктеп, кәсібімізді одан әрі нығайтпақпыз. Әрі адамдардың көңілдерінен шығып, қызмет көрсетеміз»- дейді кәсіпкерлер.

А.МУСА,

Шыңғырлау ауданы