18.02.2021, 11:56
Қараулар: 203
Шыңғырлау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексін қолдануды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Шыңғырлау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексін қолдануды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Іс-шараға судьялар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Қадырбаев Миржан дөңгелек үстел жұмысын ашып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде түсіндіру жөніндегі Медиа-жоспары шеңберінде жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

Сонымен қатар, Кодекс Әкімшілік рәсімдермен және жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын атап өтті.

Судья Маженова Әсел өз баяндамасында Кодекс азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітетінін, сондай-ақ дауларды жоғары тұрған органдар мен сот билігі органдары қараған кезде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілейтінін атап өтіп, Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізудің негізгі міндеттері, Әкімшілік процеске қатысушылардың құрамы, мемлекеттік органдардың ішкі Әкімшілік рәсімдері, әкімшілік рәсімді қозғау тәртібі, істерді қарау тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жиын соңында қатысушылар БАҚ және әлеуметтік желілерде АППК нормаларын түсіндіру бойынша жоспарды талқылады. Апта сайын келіп түскен мәселелерді АППК нормаларын қолдану бөлігінде талқылау ұсынылады.