10.03.2021, 12:34
Қараулар: 153
ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН МАЛ ИЕЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАРҒА АЙНАЛДЫ‼

ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН МАЛ ИЕЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАРҒА АЙНАЛДЫ‼

✅Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-3 шешіміне сай Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекітілді. Шыңғырлау ауданы аумағында аудан орталығындағы кейбір тұрғындар өздерінің жеке ірі қара малдарын қараусыз қалдырғаны үшін 2021 жылдың 2 айы қорытындысы бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабы 1 бөліміне сай 47 ірі қара мал иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оларға ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сонымен қатар 1 мал иесіне 4,376тг мөлшерінде айыппұл салынды.
✅Осындай оқиғалардың орын алмауының алдын алу мақсатында БҚО, Шыңғырлау ауданының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындарының бағымсыз жүрген жеке малдарын және жайылымдарда қараусыз (бақташысыз) жүрген ірі қара малдары мен жылқы малдарын, сонымен қатар аудан аумағында эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз жасау үшін аудан көлемінде заңсыз мал қозғалысына тиым салып, шет жерлерден келіп мал тасымалымен айналысатын автокөліктердің тиісті құжаттарына, мал тиеген автокөліктердің тазалықтарына, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында, тексеру және анықтау жұмыстары қатаң жүргізілуде.

Шыңғырлау ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Т. Габдуллиев