15.01.2021, 15:54
Қараулар: 123
Қарағаш ауылында округ әкімінің есебі тыңдалды

Қарағаш ауылында округ әкімінің есебі тыңдалды

Ауданымызда ауыл әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары басталды. Қаңтардың 13-де шағын елді мекендерде басталған есептік кездесулер кеше Қарағаш ауылдық округінің орталығында жалғасты.
Есептік кездесу басталмас бұрын Қарағаш ауылының тұрғындары және аудан орталығынан барған аудан әкімі мен мекеме, бөлім басшылары ауылдық мәдениет үйінің кіре берісінде жасақталған қолөнер, кітап көрмесі мен ауыл тыныс-тіршілігі көрсетілген стендті тамашалады. Әр көрмені өз сала басшылары жете түсіндіріп, қосымша ақпарат беруі – есептік кездесу жиынына жаңа әсер бергендей.
Жиында округ әкімі Еділ Бекжанов әр салаға кеңінен тоқталып, өткен 2020 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Жалпы округ бойынша 29 шаруа қожалығы, 17 жеке кәсіпкер және 2 ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген екен. Округ әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жыл бойына тындырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алға қойылған нақты міндеттермен бөлісті.
Есептік кездесу барысында ауыл тұрғындары аудандағы ең жас округ әкімі Еділ Бекжановтың жұмысына шынайы алғысын білдіріп, қызметіне оң баға беріп жатты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы