30.04.2021, 10:13
Қараулар: 66
Қарияларды қуантты

Қарияларды қуантты

Қасиетті Рамазан айы талайдың жүрегіне шуақ құйып, ізгілік жасауға, айналаңа жанашырлық танытуға жетелейді емес пе?   Әсіресе жалғызілікті, жасы ұлғайған жандарға көмек ету- үлкен сауап.

Ауданымызда қарттар үйі бар. Ондағы  қызмет алушыларға бар жағдай жасалып, жан-жақты қамқорлыққа бөленген.  Қашан, кім келсе де әрбір келген жанға балаша қуанып, жүздері жадырап сала береді. Қамкөңіл қарттардың жақында аты жаман ауруға шалдыққандары да бар. Әйтеуір,  күтушілер мен дәрігерлердің арқасында сауығып, аман — есен жүріп жатыр. Десек те жастары  ұлғайған сайын көңілдері пәс болуға бейім тұратын жандардың жақында «ОТАУ» телеканалының қондырығысы бұзылып, істен шыққандығы қатты қамықтырғанды. Төрт қабырғаға телміріп отырғанның қариялар сүйікті сериалдарын, хабарларды естіп-көре алмай қамығып қалысыпты.

Осы жағдайды көріп-білген  ауданымыздың тұрғындары- Ақмарал Исанова, Айсұлу Арыстанова, Гүлжамал Жұмағазиевалар  Рамазан айында қарттар үйіне  сыйлық тарту етті.    «Отау» ТВ- ның 30 мың теңгелік  қондырғысын сыйлап,  олардың теледидар көруіне мүмкіндік берді. Осы мекеменің басшысы  Х.Абдуғазиев әйелдер қауымына алғысын білдіріп,  жұмыстарына сәттілік тіледі.

А.МУСА,

Шыңғырлау ауданы