30.12.2021, 17:50
Қараулар: 34
Қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау партияның бақылауында

Қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау партияның бақылауында

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азамат Таганиязов, партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Гүлнар Бисенгалиева қыс мезгілінде жолдардың күтіп -ұстау жұмысымен танысты. Партиялық бақылау барысында «Шыңғырлаукомтехсервис» мекемесінің техникаларының жай-күйін тексерді. Сонымен қарат,  аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ерсайн Шаимбетов аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күтіп ұстау туралы, техникалардың  қысқа дайындығы жөнінде қысқаша ақпарат берді.Қазіргі таңда, облыстық маңызы бар «Ақсай-Шыңғырлау» автокөлік жолына «Талгаз» ЖШС күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде. 2022 жылғы қысқы мерзімде аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіндігін айтты. Сонымен қатар, тікелей келісім шарт жасау арқылы қаңтар-ақпан айларына төменде көрсетілген шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер 2022 жылғы қысқы мерзімде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетіндігін баяндады.

Атап айтар болсақ:

  1. Ащы көпірі — Ардақ – Ақтау ауылдарына аудандық маңызы бар жолын , Ақтау – Торыатбас – ш/қ «Ернар»;
  2. Ащы көпірі – Шыңғырлау аудандық маңызы бар жолын – «Айтжанов С» ш/қ ;
  3. Шоқтыбай, Ұрысай, Жаңакүш ауылдарына аудандық маңызы бар кіреберіс жолдары – «Наурызалиев С» ж/к;
  4. Амангелді, Мырзағара, Талдысай, Ащысай ауылдарына аудандық маңызы бар кіреберіс жолдары – «Ирмекбаев М» ж/к;
  5. Алмаз, Сегізсай, Аққұдық, Қарағаш, Ақсуат ауылдарына аудандық маңызы бар кіреберіс жолдары – «Мухамбетияров С» ж/к:
  6. Шыңғырлау – Ақшат – Сегізсай аудандық маңызы бар жолы – «Шыңғырлаукомтехсервис» МҚК;
  7. Шыңғырлау ауылының ауылішілік жолдары — «Шыңғырлаукомтехсервис» МҚК.

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы