26.11.2021, 0:12
Қараулар: 59
Үздіктер марапатталған күн

Үздіктер марапатталған күн

Ал «Мирлан» ШҚ басшысы Б. Сұлтанғалиева мен «Бауырым» ШҚ басшысы Ә. Алмағамбетов Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталса, бірқатар аудан азаматтарына аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Сонымен қатар, «Үздік бақташы», «Үздік шопан», «Үздік жылқышы», «Үздік механизатор», «Үздік ветеринар», «Үздік асыл тұқымды ірі қара малдарын өсірумен айналысатын шаруашылық», «Мемлекеттік ауыл шаруашылығы бағдарламасына белсенді қатысқан үздік ауылдық округі», «Үздік фермер», «Үздік жас фермер» және «Үздік мал азығын дайындаушы шаруашылық» аталымдарға ие болған жандарға да марапаттар ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Қ. Абдрахманов та ауыл шаруашылығы күнімен құттықтап, «Байқатов» ШҚ басшысы Ж. Байқатовқа, жеке кәсіпкер Р. Камзаевқа Құрмет гарамотасы мен Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінінің көркемөнерпаздары дайындаған әсем әндермен жалғасты.
Анар Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы