8.11.2021, 15:26
Қараулар: 70
Үндеу

Үндеу

           Құрметті жерлестер!

 Бүгінгі таңда елдегі екі жылдан астам созылған коронавирусқа қатысты қиын жағдай жалғасып, адамдарды үрей мен дәрменсіздік билеген кезде, халық өздерінің аман қалып, өмір сүру мәселесіне қатты алаңдауда.

Көптеген адамдарды екі мәселе толғандырады: коронавируспен ауыру қаупі және өзі еңбек етіп жүрген ұжымның,өндірістің тағдыры.

Осындай қиын сәтте қоғам әлі де біртұтас күш болып табылатын, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғайтын кәсіподақтарға иек артады.

Қазіргі таңда «Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ өз қатарын ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және оның қызметі ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға ғана емес, жалпы шаруа қожалықтарының, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың проблемаларын шешуге көмек көрсетуге бағытталған.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы облыстың су ресурстары мәселелері бойынша өткен семинар-кеңестің бастамашысы және ұйымдастырушысы болды. Шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз етудегі өзекті проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл мәселені шешу бойынша облыс әкімдігімен бірлескен жұмыстар жалғасуда.

Кәсіподақ күшімен көшет отырғызу және елді мекендерді көгалдандыруға қатысу үшін питомник құрылды. Облыстың шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көшеттермен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетілетін болады. Қала шегінде кәсіподақтың демалыс базасы құрылды, онда облыстың кәсіподақ ұжымдары жаз мезгілінде тегін демалды.

«Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ өз мүшелерінің мүдделерін төмендегі жолдармен қорғауға міндеттенеді:

— құқықтық және консультативтік көмек көрсету;

— ұжымдық шарттар жасасу;

— өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы арызбен сотқа жүгіну;

— жеке дауларды қарау жөніндегі келісім комиссиясының құрамына қатысу;

— өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;

— үздік өндірушілерді марапаттауға ұсыну (соның ішінде мемлекеттік);

— субсидиялау кезінде қолдаухат беру жолымен көмек көрсету;

— шаруа қожалықтарының мүшелерін, фермерлер мен табиғат пайдаланушыларды БҚО медициналық мекемелеріне бекіту.

— ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің проблемалық мәселелерін шешуге жәрдемдесу, олардың мүдделерін жоғары тұрған органдар, ҚР министрліктері мен ведомстволары алдында білдіру, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзекті мәселелері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенаты депутаттарының алдында қолдау көрсету.

Ағымдағы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағына облыстың 20-дан астам шаруа қожалықтары мен ұйымдары кірді.

Шаруа қожалықтарының облыстық кәсіподақ ұйымына кіру тәртібі жеңілдетілді: 2 данада шарт толтырылады (шарт қоса беріледі), жарналық төлем шаруа қожалығынан жылына бір рет 20 000 теңге мөлшерінде жүргізіледі.

Кәсіподақ қозғалысы саласында қойылған міндеттердің өзектілігін ескере отырып, Сізден облыстық кәсіподақ қатарына шаруа және фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы қызметкерлерін, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, ШОБ объектілерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді тарту бойынша жәрдем көрсетуіңізді сұраймын.

Байланыс телефондарымыз: Орал қ., Ә. Молдағұлова к-сі 3, тел. 24-16-36

Эл.пошта: profselhoz@mail.ru +7 777 970 17 70 Давлетжанов Амангелді Медхатұлы

Офис + 7 775 1212 734

 

       ҚБ «Батыс Қазақстан облыстықауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы»