24.06.2021, 15:09
Қараулар: 39
Үшінші тұлғаларға электронды қолтаңбаны беру қауіпті екенін білесіз бе?

Үшінші тұлғаларға электронды қолтаңбаны беру қауіпті екенін білесіз бе?

Соңғы кезде азаматтардың электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін заңсыз түрде жеке қызмет көрсетіп, өз көмегін ұсынушыларға жүгінуі белең ала бастады. Бұл турасында ХҚО қызметкері саналмайтын, бөгде біреулерге электрондық-цифрлық қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) бермеу қажеттігін ескертеміз.

Егер ЭЦҚ-ңыз құпия сөзімен бірге басқа біреудің қолына түссе, Egov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріп, сіз үшін келеңсіздіктер тудыруы мүмкін. Мысалы, сіздің атыңыздан әр түрлі шарттар жасасып, үй-жайыңызға өзге біреуді тіркеуге отырғызуы және тағы сол сияқты әрекеттер жасауы ықтимал.

Ал егер ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz сайты арқылы сол электронды кілттен бас тартып, жаңасын рәсімдеп алыңыз.

Сондай-ақ Орал қаласы және барлық аудандардағы халыққа қазмет көрсету бөлімдерінде электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді тегін алуға болатынын естеріңізге саламыз.

Оған қоса жақын арада қаламыздың әр түкпірінен бірнеше өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі