3.06.2021, 18:06
Қараулар: 76
Өзекті мәселелер талқыланған жиын

Өзекті мәселелер талқыланған жиын

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті. Аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова жүргізген жиынға «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Амангелді Давлетжанов және аудандық ауыл шаруашылық саласының мамандары, шаруа қожалық өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге көшпес бұрын аудан әкімі Әлия Биғазықызы ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген Ақтау, Ащысай ауылдарының тұрғындары Акулов Рамазан Капанұлы мен Айсиев Уали Айсаұлын «Ауыл шаруашылығы саласының құрметті ардагері» медалімен марапаттады.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев ауданның ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы кеңінен баяндаса, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Медхатұлы аталмыш қоғамдық бірлестіктің жұмысына, көздеген мақсатына  тоқталып өтті.

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы