2.06.2021, 18:24
Қараулар: 58
Өрт қауіпсіздігіне арналған сенбілік

Өрт қауіпсіздігіне арналған сенбілік

Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  аудандық №23 Өрт сөндіру бекеті қызметкерімен бірге ауданның тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша сенбілік өткізді.

Мамандардың  назары көп балалы жағдайлары төмен отбасыларға, зейнеткерлерге бөлінеді. Сенбілікке қатысушылар мұндай іс-шаралар қажет екеніне сенеді. Күнделікті өмірде адамдар кейде қауіпсіздік техникасы ережелерін бұза отырып, электрлі жылыту құрылғысына назар аудармайды. ТЖ бөлім қызметкерлері құқық бұзушылықты көріп, үй иелерінің назарын аударып, осы бұзушылықтардың салдары қандай болатынын түсіндіреді.

Шыңғырлау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрттен сақтану үшін Шыңғырлау ауданы тұрғындарының естеріне салады:

— электр аспаптарын желісіне қараусыз қосылғанын қалдырмаңыз;

— балаларға отпен ойнауға рұқсат бермеңіз;

— төсек орнында шылым шекпеңіз, әсіресе алкогольдік ішімдік ішкен кезде.

Ережелер қарапайым және оларды сақтау қиын емес, бірақ кейде оларды сақтамау салдарын түзету мүмкін емес.

 

Ж.ДУЛАТОВ,

Шыңғырлау ауданыТЖБ аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты