9.06.2021, 18:17
Қараулар: 44

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді

Бүгін аудан орталығындағы Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі ғимаратында ғимаратында терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға аудандық терроризмге қарсы жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды. Осылайша, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шыңғырлау аудандық жедел штабы алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті күш пен құралдардың дайындығын тексеру жүзеге асырылды.