17.09.2021, 16:43
Қараулар: 21
Сапалы білімге басымдық берілмек

Сапалы білімге басымдық берілмек

Президент Қ.К.Тоқаев жаңа оқу жылының басында халыққа кезекті Жолдауын ұсынды. Жолдауда Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістер мен кедергілерді еңсеріп, тәуелсіздіктің төртінші он жылдығына аяқ басуда атқарар жұмыстардың көп екенін айта келіп, халықты бірлікке шақырып, тұтастығымыз арқасында барлық қиындықты жеңуге болатынын айтқан болатын.
Биылғы Жолдаудың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Алға қойылған 7 бағыт пен 5 бастама халықтың әл-ауқаты мен елдің кемел болашағы үшін маңызы зор. Жолдауда басты бағыттардың бірі болып саналатын білім беруді нығайту мәселесі назардан тыс қалмады. Пандемия салдарынан білім берудегі кездескен қиындықтарды жою керектігін баса айтты. Президентбілім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс деді. Сонымен қатар, оқушылар үшін дарынды балаларды қолдау мақсатында олимпиада жүлдегелеріне қосымша грант, сыйақы беру секілді шаралары қолға алынатындығы, осындай оқушылардың ұстаздары да ынталандыруға ие болатындығын тілге тиек етті. Бұндай қолдау оқушылар мен ұстаздардың болашақта жігерлі жұмыстануына үлкен серпін беретіні сөзсіз.
Ұстаздардың 3 жылда қайта даярлау курсынан өту туралы тапсырмасы да оң шешім болды деп ойлаймын. Өйткені, ұстаз әрқашан жаңашылдықты, ізденісті қалайды, курстарда тәжірибе бөлісуге, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндіктер туғызады. Ал, ол өз кезегінде балаға сапалы білім алуға көмектеседі.
«Білімі жоқ елдің болашағы жоқ» деп Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біздер біліммен ғана бәсекеге қабілеттіміз. 30 жылда жеткен жетістігіміз айтарлықтай. Бастысы тәуелсіздікті шын жүрегімен ұғатын, Отанын сүйетін жастар барда елдің болашағы жарқын болары анық.
Президент Жолдауын іске асыру әр азаматтың парызы, елдің болашағы үшін игі бастаманы бүгіннен қолға алып, бәріміз өз саламызда адал қызмет етсек,Қазақстан әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің 30-дығына кірері және халқының әл-ауқаты жоғары болатыны сөзсіз.

О.ЯНТУРСИН,
Қуағаш НМ-нің директоры