12.05.2021, 11:29
Қараулар: 50
Алдиярдың қоржынында тағы бір алтын!

Алдиярдың қоржынында тағы бір алтын!

Жерлесіміз Саин Алдияр жақында өткен республикалық турнирден бірінші орынды иеленді.  2004-2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы дзюдодан өткізілген турнирде Алдияр ептілік танытып, мықтылығын тағы бір дәлелдеп отыр.

Жалпы командалық есеп бойынша да БҚО дарынды балаларға арналған мектеп-интернат дзюдошылары бірінші орынға ие болды.

Алдияр әуелі кішкентайынан Шыңғырлау аудандық БЖСМ самбо бөлімінде жаттығып, содан кейін облыстық олимпиадалық резевтер даярлайтын «ЖЕКПЕ- ЖЕК’  спорт мектебінде  самбо бөлімінде жаттығады. Қазіргі таңда спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің 9 сыныбында оқиды.

Алдияр осы күнге дейін де талай жеңістерді қанжығасына байлап жүрген дарынды жігіт. Жерлесімізге болашақта сәттілік тілеп, бағындырар шыңын көп болсын деп тілейміз!

А.ЛЕПЕС,

Шыңғырлау ауданы