22.10.2021, 10:49
Қараулар: 36
Алмазда алаң ашылды

Алмазда алаң ашылды

Елді мекендерде салауатты өмір салтын насихаттау, бұқараны спортқа кеңінен тарту мақсатында ауданымызда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Соның бірі Алмаз ауылдық округінде салынған «Алмаз Арена» шағын футбол алаңы. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде оздырылғаншараға жұртшылық «құтты болсын» айта келді. Салтанатты сәтте аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөз сөйледі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында атап өтілген: «Барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды» деген тапсырмасы аясындажас ұрпақты спортқа баулу мақсатын көздеп салынған алаң игілікке болсын дей келе, оның жұмысының өрістеуіне өз үлесін қосқан алмаздықтарға алғыс хаттар табыс етті. Жергілікті бюджеттен 11 млн 600 мың теңге көлемінде қаржыландырылған нысанды салу жұмысын жүргізген бас  мердігер «Элит Строй» ЖШС  басшысы   Ерлан Адешов сөз кезегін алып, заманауи футбол алаңы ауыл халқының бас қосар сүйікті орнына айналуына тілек қосты. Осындай лебіз легін  аға буын өкіліБолат Құрманов та жалғастырды.

Көлемі 40-та 20 болатын футбол алаңында жанкүйерлерге арналған орындық, жасанды төсеніш, футбол ойынына арналған қақпа және түн мезгілінде жарық төгетін 6 жарық шамдар орнатылған.

Шара соңы салтанатты түрде лента қию рәсіміне жалғасып, шағын футболдан командалар арасында жарыс ұйымдастырылды.

                                                                                           Гүлшат ИБРАГИМҚЫЗЫ