26.08.2021, 11:42
Қараулар: 83
Ардагерлер сынға түсті

Ардагерлер сынға түсті

24 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, Батыс Қазақстан облысының ардагерлер кеңесінің және «Интеграл» ЖҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған зейнет жасындағы ардагерлер арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және волейболдан облыстық спартакиада оздырылды. Жарысқа Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан барлығы 100-ге жуық спортты серік еткен аға ұрпақ өкілдері қатысып тартысты ойын көрсетті.

Жарыс нәтижесінде дойбы ойынынан  Казиханов Білекбай ІІІ орынды иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен, медальдарымен, «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің сыйлықтарымен және демеушілердің ақшалай сыйлықтарымен (волейбол) марапатталды.

Барлық ардагер спортшыларға аудан әкімі атынан алғыс хаттармен сыйлықтар табысталды.

Мирас Жұмашев,

«Шыңғырлау» спорт клубының әдіскері

Шыңғырлау ауданы