20.08.2021, 11:58
Қараулар: 81
Ақбұлақтағы доп жарысы

Ақбұлақтағы доп жарысы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және спорт күніне орай Ақбұлақ ауылдық округінде спорттық шара оздырылды. Спортшылардың кәсіби мерекесінің қарсаңында округтегегі спорт әдіскері М.Мендалиевтің ұйымдастырумен футболдан өткізілген шараға ауданымыздан бөлек өзге аудандардан және Орал қаласынан 8 команда қатысты. Атап өтер болсақ ойынға «Ақбұлақ», «Стандарт», «Жастар Шыңғырлау», «Намыс», «Apple маркет» (Орал), «Жосалы» (Сырым ауданы), «БЖСМ» (Ақтау), «Ақсай» командалары қатысып, бақ сынады. Тартысты да қызықты ойынның нәтижесі бойынша ІІІ орынды Шыңғырлау аудандық «Намыс» командасы иеленсе, ІІ орынды «Ақбұлақ» командасы қанжығаға байлады. Жүлделі І орынды Ақсай қаласынан келген «БЖСМ» командасы қоржынына салды. Жеңімпаздар Шыңғырлау спорт клубы атынан арнайы дайындалған кубоктармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар жүлдегерлерге демеушілер «Диас», «Альтайр», «Жунусов» шаруа қожалықтары атынан қаржылай сыйлықтар табысталды.

Осы тартысты ойында спорттық бабында екенін көрсеткен Эрик Сағындықов, «Намыс» командасының ойыншысы Эрик Сағындықов: — Ойын өте тартысты әрі жоғарғы деңгейде өтті. Басқа да аудан, қала командалары келіп, әдемі ойын өрнегін көрсеткеніне және футболды жанына серік еткен жалынды жастар қатары көбейіп жатқанына қуаныштымыз,-дейді.

А.ЛЕПЕС,

Шыңғырлау ауданы