28.12.2020, 18:08
Қараулар: 429
Лыждан эстафеталық жарыс өтті

Лыждан эстафеталық жарыс өтті

26 желтоқсан күні Шыңғырлау ауданының 7 кереметінің бірі саналатын Қонақай көлінде «Спорт — денсаулық кепілі!» атты қысқы спорттық шара ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесінде І орын БЖСМ командасы, ІІ орын Л.Қылышев ОЖББМ командасы, ІІІ орынды Шыңғырлау ОЖББМ командасы иеленді.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Абдрашитов жеңімпаздарға диплом мен медальдар табыс етті.

Осындай салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу барысында өткен спорттық ойындар әлі де жалғасын табатыны сөзсіз.

Шараны Мәдениет бөлімінің қызметкерлері жүргізіп, сазды әуенмен әрледі.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы