16.03.2021, 16:39
Қараулар: 147
Тартысты өткен ойын

Тартысты өткен ойын

14-наурыз Көрісу айт мерекесіне орай «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Ақбұлақ ауылдық округінде  жасөспірімдер арасында асық атудан жарыс оздырылды. Жарысты аудандық спорт клубы мен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Т.Маликов  бірлесе ұйымдастырды.

Дәлдік пен шапшаңдықты, мергендікті талап ететін ұлттық ойынға қызғушылық танытып келген  жанкүйерлер де қолдауын білдіріп жатты.

Нәтижесінде «Жеңіс» командасы  І орынды иеленсе, «Шекара» командасы  ІІ орынды қанжығаларына байлады ал, БЖСМ командасы ІІІ-орынды еншіледі.

Жеңімпаздар БЖСМ  атынан  диплом, медальдармен марапатталды.

Мейірман МЕНДАЛИЕВ,

Ақбұлақ ауылдық округінің

спорт әдіскері

Шыңғырлау ауданы