16.04.2021, 17:59
Қараулар: 103
І орын Алдиярдың қанжығасында

І орын Алдиярдың қанжығасында

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында Қазақстан Республикасының тұңғыш «Сұңқар» әскери-теңіз кемесінің командирі Болат Алтынбаевты еске алуға арналған турнир өтті. Жалағаштан шыққан әскери-теңіз флотының майталманын еске алуға арналған доданың басты мақсаты жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дзюдодан 2006-2008 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында өткен Республикалық турнирде ауданымыздың тұрғыны Алдияр Саин +73 кг салмағында І орынға ие болды. Алдияр қазіргі таңда «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернет-колледжі» КММ тәрбиеленушісі. Аталмыш сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп қана қоймай, ерекше көзге түсті дейді жаттықтырушылары. Боз кілем додасында бес белдесуін де таза ұтқан Алдиярға жаттықтырушылары да, ата-анасы да зор үміт артады. Жерлесімізге толағай табыстар тілей отыра, бағындырар шыңдары әлі алда екендігіне нық сенеміз.

А. АЙМЫРЗАҚЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы