25.02.2021, 18:03
Қараулар: 168
Ұлттық ойын жеңімпаздары анықталды

Ұлттық ойын жеңімпаздары анықталды

 2021 жылдың 20 ақпан күні “Қарашығанақ” спорт кешенінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық ойын-асық ату және бес асықтан ашық турнир өтті. Жастар мен ересектер және ардагерлер арасында ұйымдастырылған Бөрлі ауданының ашық турниріне 14 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан: 2003-1992 ж.т жастар арасында ІІ орынды шыңғырлаулық Рахым Шыңғыс иеленсе, 1991-1977 ж.т ерлер арасында І орын жерлесіміз Мейірман Мендалиевке бұйырды.

Командалық біріншілік есебі бойынша 40 жасқа дейіңгі ерлер арасында жүлделі ІІ орын Шыңғырлау ауданының еншісіне тиіп, жалпы командалық есепте Шыңғырлау ауданы 82 ұпаймен ІІІ орыннан көрінді.

Жеңімпаз атанған, жүлделі орындарға ие болған командалар Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдары және кубоктарымен марапатталды.

Жалпы, ауылдық округте спорттың дамуына жанашыр болып жүрген азаматтар баршылық. Айталық, Азамат Мұрзағалиев демеушілік жасап, спорттық жабдықтар алып берсе, спорт ардагері Әділхан Сейілханов қажетті заттарымызды алуға 100 мың теңгеге қаржылай қолдау көрсеткенін атап өткен ләзім. Сонымен бірге 1974-1975 жылғы түлектер де ауыл спортының өркендеуіне өз үлестерін қосып, қаржалай демеушілік көрсетті.

Осындай жанашыр жандар көп болса, ауыл жасөспірімдері мен жастарының спортқа ден қоюына, қызығушылығының артуына мүмкіндік ашылып, салауатты өмір салтын ұстануына себепші болар еді дегіміз келеді.

                                                                                    Мейірман БОЛАТҰЛЫ,

                                                             Ақбұлақ ауылдық округінің спорт әдіскері

Шыңғырлау ауданы