31.08.2021, 12:24
Қараулар: 65
Елу жылдан кейінгі кездесу

Елу жылдан кейінгі кездесу

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында  Ақшат ауылдық округіндегі Я.А.Тихоненко атындағы орта мектебімен 50, 51 жыл бұрын  қоштасқан түлектер  келіп, жарты ғасырдан  кейін  қонырау сыңғырымен  білім ордасына кіріп,  партаға отырды. Мектепте өткен балғын  балалық шақтарын еске алып, «мектеп вальсін» де биледі. Түлектер  мектептеріне естелік ретінде ұлы ұстаз Ыбырай  Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген сөзі жазылған тақтаны сыйға тартты. 1977 жылы туылған түлектер  мектеп жанындағы  футбол алаңында  футбол  ойнап, көңіл тербеткен естеліктерімен бөлісті.

 Н.АЙҚЫН,

Шыңғырлау ауданы