5.05.2021, 17:06
Қараулар: 107
Мерейтой иесін құттықтады

Мерейтой иесін құттықтады

Бүгін аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова ауданымыздың өркендеуі мен дамуына елеулі үлес қосқан зейнеткер С.Имашевті 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.
Әлия Биғазықызы мерейтой иесіне жылы лебізін арнап, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хатын табыс етті. Қазақы дәстүрімізбен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде Сағынғали Бисенғалиұлы да басшылардың еңбегін елеп, құрмет көрсеткендеріне шынайы алғысын білдірді.
С.Имашев Орынбор облысы, Соль-Илецк ауданы, Мертвецовка ауылында 1951 жылы дүниеге келген. 1971-1974 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Бузулук қаласындағы құрылыс техникумында білім алып шыққан жас маман Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы машина құрылысы зауытының цехында құрылыс шебері лауазымынан бастап алғаш еңбек өтілін бастайды.
Көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы қызметінен зейнет демалысына шықты.
Бүгінде Шыңғырлау ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы және Шыңғырлау ауданының қоғамдық медиаторы қызметтерін атқарып келеді.
Б.Баймағамбетова,
                                                       Шыңғырлау ауданы